RU

Еркеш Шәкеев марқұм ұлын сағынып, бейнежазба жариялады

Қазақстандық ақын және композитор Еркеш Шәкеев ұлы Сафарды еске алып, Facebook-ке бейнеролик орналастырды.

Клипті Еркеш Шәкеевтің композициясына Сафар Шәкеевтің досы Ұлан Базарбеков жасаған деп жазады Қазақпарат.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде Сафар Шәкеевтің белгісіз жағдайда жоғалып кеткені туралы шағым түсті. Жас жігітті 110 полицей, 60 еріктілер мен бірнеше сүңгуірлер іздеді.

Сондай-ақ іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылды. Сафар Шәкеевтің денесі 28 шілдеде Есентай өзенінен табылды. 29 шілдеде Сафардың денесі жер қойнына берілді.

Шәкеевтер отбасына көңіл айтуға белгілі музыканттар, әртістер, қоғам қайраткерлері келді. Жерлеу рәсімінде Еркеш Шәкеев айтқандай, Сафардың қазаға ұшырауы - бүкіл қоғам үшін үлкен қайғы болды.

Тағы да оқыңыздар:

Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстан қоржынына Олимпиададағы алғашқы жүлде түсті (фото)

Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Америкалық бойжеткен қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді мүдірмей айтып шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212633-erkesh-shakeev-marqum-ulyna-arnap-beyna.html