RU

Мәсімов: Кезінде Сағадиев те балмұздақ сатқан, енді міне министр болып отыр

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Жастар бастамалары орталығында студенттермен және жұмысшы жастармен кездесті, - деп хабарлайды Қазақпарат.

Үкімет басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» түрінде өтті. Сонымен бірге, сөз сөйлегендер өздерінің жобалары және қоғамдық істері туралы әңгіңмеледі.

Кәрім Мәсімов Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері стартап ауқымында қымыздан балмұздақтың бірегей рецептісін жасағанын естігенде: «Қымыздан балмұздақ?», - деп қайталап сұрады да: «Мұндай да бар ма? Дәмін татып көру керек екен»., - деді.

Бұл жоба жайында премьер-министрге оның авторларының бірі Нұрғиза Калимова айтып берді.

Мәсімов жиналғандарға қарата айтқан сөзінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те кезінде стартапшы болып еңбек жолын бастағанын, балмұздақ сатқанын айтты.

"Одан кейін міне министр болып отыр. Сіздер де осылай істей аласыздар...", - деп атап өтті Мәсімов.

Тағы да оқыңыздар:

Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстан қоржынына Олимпиададағы алғашқы жүлде түсті (фото)

Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Америкалық бойжеткен қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді мүдірмей айтып шықты (видео)

Маргарита Елисеева Рио Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады

Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212673-masimov-kezinde-saghadiev-te-balmuzda.html