RU

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Рио Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде сынға түсіп, финалда ұтылған Елдос Сметов БАҚ өкілдеріне сұхбат берді деп жазады NUR.KZ.

"Мені қолдаған барша жанкүйерлеріме рахмет! Қазақ жанкүйерлерін қуантуға барымша тырыстым. Рио төрінде қазақ елінің атын аспандатып, Әнұранымызды шырқатсам деп едім. Бірақ, финалда болмай қалды... Бәрі Алланың қалауымен ғой. Күпір етпей, шүкір ету керек. Ендігі менің мақсатым - осы күміс медальді алтынға ауыстыру", - деді Елдос Сметов.

Еске сала кетейік, кеше Елдос Сметов финалдық белдесуде ресейлік Беслан Мудрановтан жеңіліп қалды.

Елдостың жеңілісін түсіндірген бас бапкер Ермек Имамбеков дзюдошының эмоциясын бақылай алмағанын айтты.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстан қоржынына Олимпиададағы алғашқы жүлде түсті (фото)

Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Америкалық бойжеткен қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді мүдірмей айтып шықты (видео)

Маргарита Елисеева Рио Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады

Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212724-eldos-smetov-meninh-basty-maqsatym-kum.html