RU

Ауыр жарақат алған неміс спортшысы командасын финалға алып шықты

Кеше басталған Рио Олимпиадасында жан тебірентерлік сәттер жиі орын алуда. Сондай оқиғалардың бірі германиялық спортшының басынан өтті.

Спорттық гимнастикадан Германия құрамасының мүшесі Андреас Тоба жартылай финалда спорттық снарядтан құлап, тізесін ауыр жарақаттап алды.

Ауыр жарақат алған Андреасты дәрігерлер зембілмен алып кетуге мәжбүр болған. Өйткені, спортшы тізесін жарақаттап, құлаған орнынан тұра алмай қалған еді.

Сын сағатында жарақат алған Андреас Тобаның көз жасы тоқтаған жоқ. Ол өз командасын қиын жағдайда қалдырғаны үшін өзін кінәлаумен болды.

Алайда, спортшы ауыр жарақатына қарамастан өзіне қосымша күш тауып, спорттық снарядтағы жаттығуын жалғастырды. Осылайша, ол командаластарының ішінен ең жоғары ұпай жинап, Германия құрамасын Олимпиаданың финалына алып шықты.

"Мен оқушы сияқты тоқтамастан жыладым. Өйткені, осымен бәрі бітті деп ойладым", - дейді Андреас.

Бүгінде неміс спортшысына өз командаластары ғана емес, әлем жанкүйерлері рахмет айтуда.

Еске сала кетейік, спорттық гимнастика денсаулыққа аса қауіпті спорт түрлерінің бірі. Кеше франциялық атлет секіремін деп аяғын сындырып алған болатын.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстан қоржынына Олимпиададағы алғашқы жүлде түсті (фото)

Америкалық бойжеткен қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді мүдірмей айтып шықты (видео)

Маргарита Елисеева Рио Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады

Мырзағали Айтжанов: Әлі тоғыз боксшымыз бар, қызықтың көкесі енді басталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212801-auyr-zharaqat-alghan-nemis-sportshysy-ko.html