RU

«Ислам мемлекетінің» содырлары 50 жігітті тірідей өртеді

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары Ирактың Киркук провинциясындағы күрділер қоныстанған Хавиджа қаласында 50-ден астам жас жігітті тірідей өртеп жіберді.

Бұл жайында Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады деп жазады Skifnews.kz порталы.

Лаңкестер тағы 4 адамды атып өлтірген. Қаза тапқан жастардың бәрі өз ата-аналарын қаладан қашырып жібермек болған деп айыпталыпты. Хавиджа қаласы тұтастай «Ислам мемлекетінің» қарауында екенін айта кету керек.

Осылайша лаңкестер соңғы бір тәулік ішінде екі бірдей жаппай адам өлтіру қылмысын жасады. Сенбі күні олар 85 адамды атып тастаған болатын. Олардың арасында әйелдер мен балалар көп. Қанды қылмыстың себебін содырлар әлі айтқан жоқ.

БҰҰ Жоғарғы комиссар басқармасының мәліметінше, 4 тамыз күні лаңкестік ұйым өкілдері Хавиджа қаласынан қашып шықпақ болған 3 мыңдай адамды ұстап алып, кепілге алған. Өлтірілген 85 адам осы топтың ішінен іріктеп алынған болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Дзюдошы Жансай Смағұлов келесі кезеңге өте алмады

Теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылды

Назарбаев Ердоғанды бауырым деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212956-islam-memleketininh-sodyrlary-50-zhigi.html