RU

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасында брасс әдісімен 100 метр суға жүзуде сегізінші орынға ие болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Брасс әдісімен 100 метр суға жүзуде үш дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин 59,95 секунд нәтиже көрсетіп, жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.

Осы жарыста алтын жүлдені ұлыбританиялық спортшы Адам Пити алды. Ол 100 метрді 57,13 секунд аралығында жүзіп өтіп, әлем рекордын жаңарты. Күміс жүлде оңтүстікафрикалық Кэмерона ван дер Бургаға (58,69 сек.), ал қола медаль америкалық Коди Миллерға бұйырды.

Айта кетейік, 9 тамыз күні Дмитрий Паландин брасс әдісімен 200 метр суға жүзу сайысына қатысатын болады.

Рио Олимпиадасында спорттың 28 түрінен 306 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ойындарды отандық үш телеарна көрсетеді: Kazsport, «Хабар» және «Қазақстан».

Рио-де-Жанейро қаласында басталған XХXI жазғы Олимпиада ойындары 21 тамызға дейін жалғасады.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы оқыңыздар:

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Дзюдошы Жансай Смағұлов келесі кезеңге өте алмады

Теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылды

Назарбаев Ердоғанды бауырым деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212993-qazaqstandyq-zhuzgish-dmitriy-balandi-2.html