RU

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Қазақстан парламентінің экс-сенаторы Ғани Қасымов «алтынға малынған» фотосына қатысты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Таяу күндері Қазақстан парламентінің экс-сенаторы Ғани Қасымов өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жуынатын бөлмеде жалаңаш денесін көрсетіп түскен селфиін жариялаған еді. Бұл суреттің астына ол: «67 жаста селфилету жақсы нәрсе емес, бірақ, осылайша, өзіңе сыни көзбен қарауға мәжбүр боласың» - деп жазып, қолданушыларды бір шулатқан еді.

Оның оқырмандары саясаткердің денесіне ғана емес, оның мойнындағы және қолындағы алтын аксессуарларына да мән берген болатын. Тіпті кейбірі оны «алтынға малынып алыпты» деп, сөз қылған еді.

Қазақстандықтардың назарын алған аксессуарлары туралы жетпіске қарай аяқ басқан Ғани Қасымов жеке пост арнап айтып беруді ұйғарыпты:

"Жауап берейін... көпті менің кеудеме таққан не нәрсе екені қызықтырады екен. Бұл – алтын тұмар. Оны балаларым 50 жасқа толғанда сыйлаған. Ол елдегі, тіпті әлемдегі ең мықты әрі жоғары бағаланатын зергерлік өнерінің шебері, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстан Зергерлер одағының төрағасы Ілияс Сүлейменовтың туындысы. Бұл зат мен үшін аса құнды. Ал сол бойда өтірікті шындай етіп, ойдан бірдеңе шығарып алғандар менің күлкімді келтірді...», - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.

Тағы оқыңыздар:

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Дзюдошы Жансай Смағұлов келесі кезеңге өте алмады

Теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылды

Назарбаев Ердоғанды бауырым деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213018-ghani-qasymov-ozininh-altyn-aksessuarl.html