RU

Әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингісі жарияланды

Жылжымайтын мүлікпен айналысатын американдық Savills агенттігінің қызметкерлері әлемнің ең қымбат қалалары рейтингісін жариялады, деп хабарлады Информинг.ру-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын 2,5 жыл бойы көшбасшылықты Лондон бастаған болатын - ол өмір сүру үшін ең қымбат қала. Қазір Ұлыбритания астанасы үшінші орынға түсіп қалды.

Ал оның орнын Нью-Йорк басты. Онда тұру жылына 114 мың долларды құрайды. Жыл ішінде бұл цифр 2 пайызға артты.

Екінші орында - Гонконг. Бір адамға мұнда жылына 100 мың доллар қажет.

Үшінші орын жөнінде айттық - Лондон, Brexit-тен кейін онда шығындар 11 пайызға төмендеді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Токио мен Париж кіреді. Ал Ресей астанасы - Мәскеу осы жолы ең қымбат қалалардың ондығынан шығып қалды. Енді Мәскеу 15-ші орынға жайғасты.

Рейтингіні құрастыруда тұру құны, кеңселерді жалдау және коммуналдық қызметтер ескерілді. Бұл есептер қаржы саласы мен шығармашыл мамандарға бағдарланған. Сондықтан да қарапайым тұрғындар үшін бұның қажеті шамалы деуге болады.

Тағы оқыңыздар:

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Дзюдошы Жансай Смағұлов келесі кезеңге өте алмады

Теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылды

Назарбаев Ердоғанды бауырым деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213032-2016-zhylghy-alemninh-enh-qymbat-qalalarynynh.html