RU

Ердоған өлім жазасын қалпына келтіру ниетін тағы мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулл Гүленді мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп тағы да айыптады деп хабарлайды Азаттық.

7 тамызда Ыстамбұлда мыңдаған адам қатысқан митингте сөйлеген Ердоған "Гүлен ұйымдастырған желіні" бұзуға шақырып, егер парламент қолдаса елде өлім жазасын қалпына келтіруге уәде берді.

Ыстамбұлдағы митингіге дейін Түркияның бірнеше қаласында Ердоғанды қолдаған демонстрациялар өткен. Ыстамбұлдан жүргізілген телерепортажға қарағанда, акцияға қатысқандар Түркия туларын арлы-берлі бұлғап, Ердоғанның эмоцияға толы сөзін байсалды қабылдаған. Ердоған сөйлеген сахнаның алдыңғы қатарында отырған генералдардан да ашық эмоция байқалмайды.

Батыстық ақпарат агенттіктері Ыстамбұлдағы "Демократия мен азап шегушілер" деп аталатын митинг шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айыптап, Ердоғанға қолдау білдіру үшін өткізілген дейді.

15 шілдеде Түркияда төңкеріс жасау әрекеті салдарынан 270-тен астам адам қаза тапқан. Бұдан соң бірнеше күн ішінде билік 18 мыңға тарта адамды ұстап, қамады. Он мыңдаған мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Елдің қарулы күштері қатарында тазалау шаралары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213139-erdoghan-olim-zhazasyn-qalpyna-keltiru.html