RU

Майкл Фелпс тарихта Олимпиаданы 19 рет жеңіп алған алғашқы спортшы атанды

Америкалық танымал жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, АҚШ қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

100 метрге еркін жүзуден өткен эстафетада Фелпс бастаған төрттік алдына жан салған жоқ деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Финалдық кезеңде Фелпс пен оның командаластары Калеб Дрессел, Райан Хелд және Натан Эдриан 3 минут 9,92 секунд көрсеткішімен көш бастаса, екінші орынды 3.10,53 нәтижесімен француз командасы жеңіп алды. Ал, 3.11,37 көрсеткішіне қол жеткізген австралиялық спортшылар жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, 31 жастағы Майкл Фелпс тарихта Олимпиада ойындарының 19 алтынын иеленген алғашқы спортшы атанып отыр. Сондай-ақ, жалпы олимпиадалық медальдар саны жағынан да Фелпске жетер бірде-бір спортшы жоқ. Күміс пен қола жүлделердің бәрін қосқанда америкалық жүзгіштің еншісінде 23 олимпиада медалі бар.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213152-maykl-felps-tarikhta-olimpiadany-19-ret-zh.html