RU

Олимпиадаға барған ирландиялық боксшы допингпен ұсталды

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарда Ирландияның орта салмақтағы  Майкл О’Рейли есімді боксшысы допингпен ұсталып қалды.

Шамасы, ол енді Олимпиадаға қатыса алмайтын сияқты деп жазады ras.kz.

Ирландияның бокс федерациясы 23 жастағы Майкл О’Рейлидің Рио-де-Жанейрода алынған допинг тексерімінен өте алмай, ойындарға қатысудан уақытша шеттетілгенін мәлімдеді.

Енді ирландиялық боксшы В сынамасының ашылуын күтіп отыр. Осыдан кейін оны ресми түрде Олимпиада ойындарынан шеттету немесе дисквалификация жасау немесе кінәсіздігін атап көрсету болады.

Егер оның тыйым салынған препараттар пайдаланғаны расталса, ол Олимпиададағы допингке байланысты шеттетілген бірінші спортшы болады.

О’Рейли өзінің бірінші жекпе-жегін 12 тамызда өткізуі тиіс еді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213205-olimpiadagha-barghan-irlandiyalyq-boks.html