RU

Белгілі продюсер отандық арналарды қолдамаған кабельдік операторларды сынады

 Эрик Тастамбеков отандық музыкалық арналардың болашағына алаңдап отыр, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына отандық музыкалық арналардың басты проблемасына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі дағдарыс жағдайында отандық өндірушіні қолдау мәселесі көтеріліп жатқанымен, неге екені белгісіз, отандық музкылақ арналар бұл қолдауды көріп отырғаны шамалы. Олар басқа өндірушілермен теңдей салық төлеп, солар сияқты жұмыс жасап, еліміздің музыкалық мәдениетін насихаттап жүрген отандық музыкалық арнаның проблемалары назардан тыс қалып отыр.

«Мәселе мынада, ірі кабельдік операторлар ретрансляция жасағаны үшін отандық музыкалық арналардан төлем алады, ал ресей және шетелдің музыкалық арналарына оларды трансляциялау үшін керісінше ақы төлейді», - дейді ол.

Оның айтуынша, олар осы әрекетімен қазақстандық емес музыкалық арналарды дамытып отыр.

«Бұл кабельдік операторлардың көксегені не? Қаржылық қысым көрген біздің отандық арналардың жабылғанын қалай ма? Олай болса, біздің тұрғындар өз қазақстандық орындаушылары мен заманауи қазақстандық музыканы қайдан тыңдамақ? Әлбетте, ресей және шетел арналарынан емес. Мен кабельдік операторларды қазақстандық емес музыкалық арналарға ақы төлемеуді сұрамаймын, бірақ олардың өзіміздің арналардан ақы талап етпей, тегін түрде эфирге трансляциялауын қалаймын! Тиісті министрліктер мен мекемелер осы проблемаға назар аударады деп ойлаймын!», - деп жазды ол.

Оның көтерген мәселесін желі қолданушылары жаппай қолдап кетті. Қазақстандық музыкалық арналардың даму мәселесіне алаңдаған жұрт: «Жақсы айтылды», «Иә, бұл рас», «Бұл жағдай қаралу керек және өзгерістер енгізілуі тиіс», - деп жазды.

Көптеген өнер жұлдыздары оның бұл пікірін әлеуметтік желіде бөлісіп, оны қолдайтындықтарын білдірді.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213242-belgili-prodyuser-otandyq-arnalardy-q.html