RU

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Алып-сатуға арналған қазақстандық Olx порталында Қызылорда облысындағы мұнай кенішінің сатылатыны туралы жарнама пайда болды деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Кеніші қара алтынға толы жері үшін жеке тұлға 8 миллион доллар немесе 2 млрд 918 млн 320 мың теңге сұрап отыр. Тіпті, алғысы келген адаммен саудаласуға дайынмын дейді ол.

"Бұрын ешкім бұрғыламаған, мұнайын игермеген. Біз өзіміз демеуші іздеп көрдік, бірақ, ешкім табыла қоймады. Сондықтан, сату үшін жарнамалап отырмыз. Жер Құмкөл трассасындағы "Казма" компаниясынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Жердің кенішіне барлау жұмыстары Кеңес одағының тұсында жүргізілген. Ол кездегі құжаттардың бәрі қолымызда бар. Жер жекеменшік иелігінде", - дейді Рустам Рыспеков есімді жарнама беруші.

Оның айтуынша, сатылып жатқан жерде инфрақұрылымның ешқандай түрі жоқ. Алайда, электр қуаты мен суды жақын маңнан жүргізуге болады.

"Электр қуаты мен су 25 шақырым қашықтықта бар. Басты трасса 30 шақырым, теміржол 175 шақырым қашықтықта орналасқан. Сатып алушы табылып жатса сатамыз, инвестор табылса ақылдасуға дайынбыз", - дейді Рыспеков.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213298-qyzylordada-qoynauy-munaygha-toly-zher-olx-2.html