RU

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов биылғы Олимпиадада барын салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысатынын мәлімдеді. Оның салмақ дәрежесінде Катарда өткен Әлем чемпионатында алтын медаль алып кеткен морокколық Мохаммед Рабии де бар.

Жерлесіміз Катарда кеткен есесін қайтаруды көздейді, деп хабарлайды vesti.kz порталына сілтеме жасап Baq.kz.

Боксшымыздың айтуынша, бұған дейін ол кәсіби боксшылармен жаттығып, біраз тәжірибе жинақтап алды.

«Әрине, соңғы Олимпиададан кейін тәжірибем көбейді. Алла қаласа, мен осы Олимпиадада жеңемін», - дейді Данияр Елеусінов.

Бұдан бөлек, ол өз салмақ дәрежесінде Катарда өткен Әлем чемпионатының финалында алтын медальды алып кеткен морокколық Мохаммед Рабиидің өнер көрсетіп жатқанын жақсы біледі.

«Мен оның Олимпиадаға қатысып жатқанын білемін. Кездесуге барынша дайындалып жатырмын», - дейді боксшымыз.

Айта кетейік, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың капитаны - Серік Сәпиев алтыннан алқа тағып қана қоймай, шеберлігі үшін Вэл Баркер атындағы кубокты да иеленген болатын.

Бүгін Риода Қазақстанның үш боксшысы жарыс жолын бастайды. Үшінші күннің толық кестесін мына жерден көруге болады.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Ғани Қасымов өзінің алтын аксессуарларын көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рио Олимпиадасы: Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин сегізінші орында қалып қойды

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213346-daniyar-eleusinov-alla-qalasa-bul-olim.html