RU

Ермегияев ісі бойынша сотқа Досаев пен Келімбетовті қайта шақыру талап етілді

Астана қалалық сотының апелляция алқасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан ақша жымқыру ісі бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдары мен прокурор наразылығы қаралып жатыр деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Сотта судья Асқаржан Кенжеғарин төрағалық етіп жатыр. Апелляциялық шағым бергендердің бірінің адвокаты Ботагөз Бейсембаева соттан бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Қайрат Келімбетовтен жауап алуды сұраған.

Адвокаттың осы өтініші және сотқа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің комиссары Рапил Жошыбаевты шақыру туралы өтінішін судья қанағаттандырмаған.

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қаржы жымқыру ісі бойынша басты айыпталушы Талғат Ермегияев 9 маусымда "аса ірі көлемде пара алды" және өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген айыптармен 14 жылға сотталған. Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл іс бойынша тыңдау наурыз айында Астанада басталған. Іс бойынша 23 адам сотқа тартылған. Тергеу деректері бойынша,"Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан барлығы 10,2 миллиард теңге ақша жымқырылған.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213372-ermegiyaev-isi-boyynsha-sotqa-dosaev-pe.html