RU

Болашақта АҚШ жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

АҚШ-тың ұлттық геология қызметі болашақта құрама штатттың құрып кетуі мүмкін деген болжам жасады. Оған себеп болатын елдегі бірнеше ғасырда бір рет орын алатын ірі жер сілкінісі дейді BAQ.kz.

АҚШ-тың Каскадия ауданындағы геологиялық апат салдарынан Солтүстік Америка континенті толықтай жойылып кету қаупі туып отыр.

Ал, осы бір Тынық мұхитында орналасқан геологиялық тұрақсыз аймақ АҚШ-тың батыс жағалауын алып жатыр. Бұл жерде тұрақсыздық ошақтарын құрайтын литосфералық плиталардың соқтығысу қаупі бар. Оған түрткі болатын ірі жер сілкіністері бұл аймақта өте сирек орын алады. Тіпті, бірнеше ғасырда бір-ақ рет болады десе болғандай.

Ұлттық геология қызметінің мамандары болжағанындай, егер жер сілкінісі болар болса, Солтүстік Америка континенті ондаған метрге жылжып, алып бауыл құрлықты алып кетуі мүмкін.

Кейде ел назарын өзіне аударуды жақсы көретін Америка ғалымдары бұл жолы да жалған ақпаратпен дүрліктіріп отыруы мүмкін. Дегенмен, солтүстікамерикалықтар қазірдің өзінде алаңдаулы.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213386-bolashaqta-aqsh-zher-betinen-zhoyylyp-ket.html