RU

Ақмола облысында көлік су қоймасына құлап, 61 жастағы ер адам ажал құшты

Ақмола облысында жеңіл көлік су қоймасына құлап, 61 жастағы ер адам қаза болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен мәлімдеді.

«Келеңсіз жағдай Ерейментау ауданындағы Сілеті су қоймасында орын алды. Үш адамнан тұратын отбасы осында демалуға барған. Отағасы көліктің ішінде түнеген. Таңертең шатырдың астында жатқан әйел өзен жағасында тұрған көліктің жоқ екенін байқайды. Көліктің ізі сол маңда тұрған қайықты соғып, 15 метр биіктіктен өзенге құлап кеткенін аңғартады. Оқиға орнына дереу жеткен суда жүзушілер жағадан 50 метр қашықтықта, 7 метр тереңдікте жатқан «АUDI-А4» көлігін анықтап, 1955 жылғы ер адамның денесін сыртқа алып шықты», - деп көрсетілген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213416-aqmola-oblysynda-kolik-su-qoymasyna-q.html