RU
Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Рассказать Вконтакте

Сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Олимпиада ойындарын аяқтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол алғашқы айналымда аргентиналық Хуан Мартин дель Потродан ұтылып қалды. Кездесу барысында негізсіз 32 қателік жіберген Джокович 6:7, 6:7 есебімен екі сетте ұтылды.

Лондон Олимпиадасының қола жүлдесі үшін таласта Новак Джокович тап осы дель Потроға есе жіберген еді.

"Бұл спорт, оның үстіне мені жақын достарымның бірі ұтып кетті. Алайда, бұл менің өмірімдегі ең ауыр жеңілістердің бірі болып қала береді. Иә, спорт жеңіліссіз болмайды, бірақ Олимпиаданың орны бір бөлек", - деген Джокович матч соңында көз жасын тоқтата алған жоқ.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Сіздің реакцияңыз
12
10
2
43
0
13
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel