RU

Биімен кешті жарған қазақстандық вайнер француздардың таңдайын қақтырды

Танымал қазақстандық вайнерлердің бірі Жеңіс Омаров Париждегі көше билеріне қатысты. Оның Instagram желісіне жүктеген видеосы үлкен танымалдыққа ие болды.

Видеода Жеңіс корейлік әнші PSY-дың Gangnam style әніне билейді. Көрермендер оның биіне зор қошемет көрсетіп, тіпті ақша да төлеген көрінеді.

"Оқиға Парижде болды. Біз келе жатыр едік, мені азиат болғаным үшін ортаға гангнам стайл билеуге шақырды. Олар кешті жаратынымды күтпеді. Соңында тіпті бес еуро берді. Париж, сені ешқашан ұмытпаймын", - деп жазған Жеңіс видеосының астына.

Жеңіс Омаров @zheka_fatbelly лақап атымен Instagram желісінде әзілге толы видеоларымен танымал болған. Вайнердің парақшасына 600 мыңнан астам адам жазылған. Ал биінің видеосы 400 мыңнан астам рет қаралды.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213432-biimen-keshti-zharghan-qazaqstandyq-vay.html