RU
Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Кореялық ауыр атлет Ом Юн Чхоль Рио Олимпиадасында алтыннан айырылып, күміс жүлде иеленді. Ол осы әрекеті үшін ел президентінен кешірім сұраған.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Ким Чен Ыр үнемі маған қуат беретін адам. Оның осы еңбегіне алтынмен жауап бере алмағаным өкінішті. Мен келесі Олимпиадаға қатысып, чемпион атанамын деген үміттемін", - дейді спортшы.

Сондай-ақ, ауыр атлет күміс медальға аса қуанбайтынын айтады.

"Күміс алғаным үшін елім мені батыр санайды деп ойламаймын. Мен Ким Чен Ыр мен ұлы жолдас Ким Чен Ынға алғыс білдіремін", - дейді ол.

56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Солтүстік Кореялық зілтемірші Лондон Олимпиадасындағы жетістігін қайталағанымен, Риода қытайлық қарсыласынан қалып қойды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Рио Олимпиадасының медалінен қағылды

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

Сіздің реакцияңыз
11
3
5
2
0
22
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel