Выйти
RU

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодарлық орманшылар таныстары орманға алып кетіп, зорламақ болған 25 жастағы қызды құтқарып қалды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің директоры Аждар Жүсіпов мәлім етті.

"Жұма күні сағат таңғы 6.00-де бізге Павлодар ауданының учаскелік полиция қызметкерлері хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округіне қарайтын жайылымда 25 жастағы қыз жоғалып, шығар жол таба алмай жүрген. Біздің төрт орманшы бір сағаттың ішінде жоғалған қыздың нұсқауы бойынша жедел жетіп, көмек көрсетті. Қыз шалшыққа батып, шыға алмай жатыр екен. Шұғыл қайық әкеліп, сары масаға таланған қызды Набережное ауылының полициясына тапсырдық", - деді Аждар Жүсіпов.

Ведомство басшысының айтуынша, зардап шегушіні таныстары алдап, орманға шығарып алған. Бойжеткен жігіттерден қашып, орманның ішінде адасып кетіп, полиция көмегіне жүгінген.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды