RU

Қазақстанның Үндістандағы экс-елшісі заңсыз миграция үшін 27 млн теңге айыппұл төлейді

Алматының Алмалы аудандық сотында Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы елшісіне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды BNews.kz.

Рашид Рахимбеков Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-тармағы «Қызметтік өкілеттігін пайдаланып заңсыз миграция ұйымдастыру» бойынша 1,6 жылға бас бостандығын шектеу және моральдық залал түрінде 26 млн теңге төлеу жазасына кесілді.

Жаза мерзімі бойы Рахимбеков пробациялық бақылауда болады және тиісті қызметке хабар бермей тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды.

Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылғапова прокурордың 30 849 451 теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Енді мемлекетке шығын келтіргені үшін экс-елші қазынаға 26 787 551 теңге төлейтін болады.

Алайда жәбірленуші мен оның қорғаушысы сот үкімімен келіспей отыр, сондықтан үкімге шағым түсірмек.

«Біз тағылып отырған айыппен келіспейміз. Рахимбековтің еш кінәсі жоқ, ол оңды-солды виза таратумен айналысқан жоқ. Қанша адам виза сұраса, соншасына ғана берді. Үкімге шағым түсіреміз. Менің қорғауымдағы азаматтан өндіргелі тұрған сома да өте қомақты», - дейді бұрынғы елшінің адвокаты Бибігүл Асқарбекова.

Естеріңізге салып өтсек, Рашид Рахимбеков 2010 мен 2013 жылдар аралығында Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде консул болып қызмет атқарды. Зейнетке шықаннан кейін оған «қызметтік өкілеттілікті пайдаланып, заңсыз миграция ұйымдастырды» деген айып тағылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр (фото)

Баян Есентаеваның жағдайы қазақ әйелдерінің қорғансыз екенін дәлелдеді

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Ақтаулық көлік жуушы биімен желіні жарды

Танымал қазақстандық әзілкеш шаңырақ көтерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213501-qazaqstannynh-undistandaghy-eks-elshis.html