RU

Британдық спортшы Елдос Сметовтен жеңілген соң жерге жатып алып жылады (фото)

Рио Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан британдық дзюдошының суреті ағылшындарды елжіретті.

Спортшының Twitter парақшасына жарияланған фото ағылшын жанкүйерлерінің алдында қызу талқылануда деп жазады NUR.KZ.

Ұлыбритания намысын қорғаған  Эшли Маккензи екінші айналымда қазақ балуаны Елдос Сметовпен жолығып, ұтылып қалған болатын.

Жарысты ерте аяқтаған спортшы дәлізге шыққан соң, өз-өзіне келе алмай, жерге жатып алып жылаған.

Ол осы суретін желіге салып, өзіне қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне рахмет айтқан екен.

Эшли Маккензи Елдостан жеңілген соң, 4 жыл бойына атқарған еңбегінің еш кеткеніне қынжылады. Бүгінде спортшының аталған фотосын ағылшын жанкүйерлері өз желісінде көптеп бөлісуде.

Еске сала кетейік, Маккензиді жарыс жолынан шығарған Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Рио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін сәтсіз аяқтады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213509-britandyq-sportshy-eldos-smetovten-zhe.html