RU

Қайрат Нұртас Назарбаевтан қолтаңба алғысы келетінін айтты (видео)

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Қостанайдағы «Қала күніне» орай ұйымдастырылған концерті қарсаңындағы баспасөз жиынында Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасын алғысы келетінін жеткізді. Бұл туралы Alau.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Журналистердің түрлі сұрақтарына жауап берген танымал әнші Қостанайға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл менің Қостанайға келген алғашқы сапарым емес. Мен осында қайтып келгеніме қуаныштымын. Қостанай және Рудный қалаларының әкімдеріне концертке шақырғаны үшін жеке алғыс айтқым келеді. Сіздердің сенімдеріңізден шығамын деген үміттемін. Барлығы да жоғары деңгейде өтетініне сөз беремін. Өзіммен жаңа өлеңдер, костюмдер мен би нөмірлерін алып келгенмін, сосын әрине жанды музыка», - деп бөлісті танымал әнші.

Бұл тұста, журналистердің қолтаңба туралы қойған сұрағына әншінің берген жауабы да ерекше болды.

«Қайрат, сіз танымалсыз, адамдар сізден қолтаңба алғысы келеді. Ал сіз өзіңіз кімнен қолтаңба алар едіңіз?», - деген сұраққа Қайрат: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан», - деп жауап берді.

Жиын соңында әнші жиналғандарға қолтаңба таратып, естелікке суретке түсті.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213533-qayrat-nurtas-nazarbaevtan-qoltanhba.html