Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық арулар арабқа күйеуге шығудың арты неге соқтыратынын айтып берді

Опубликовано:

Арабқа тұрмысқа шығуды армандап жүргендерге арабтардың әйелі атанған отандастарымыз жауап қайтарды. Бұл туралы «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Олардың басынан өткергендері бір-біріне ұқсас келеді, алайда күлбике туралы ертегіге жақын деп айта алмайсың. БАӘ-ге ақша табу үшін барған бойжеткен даяшы болып жұмысқа тұрады. Ол жерде жасы әлдеқайда үлкен арабпен танысып, онымен жасырын кездесе бастайды.

Себебі арабтың өз отбасы бар екен. Бір айдан кейін араб бойжеткенге оған тұрмысқа шығып, байлыққа кенелу ұсынысын жасайды. Өз үйің, күтушің, қымбат әшекейлерің болады, тек ұл тауып берсең болды дегенге қызыққан ару келісімін береді.

"Менің екінші әйелім бол, ұл туып бер, екеуіміз өте бақытты боламыз деді", - деп есіне алды 29 жастағы Талдықорған тұрғыны.

"Менің күйеуім - өте қалталы азамат. Тіпті үшінші әйел алуға қауқарлы. Алайда бүгінде ол маған және балаларымызға, тіпті интернетке ақша бермейді. Некелескенімізге бірнеше жыл болды. Үш баламыз бар. Ең сорақысы- бәрі әкесіне тартып кеткен. Ол қыздарын, тіпті мойындағысы келмейді, жек көреді. Балаларым мектепке де бармайды. Себебі әкесі оқуын төлегісі жоқ", - деп ашынды Дариан.

Бойжеткеннің сөзіне сенсек, ол, тіпті көшеде еркін жүре алудан қалған. Күйеуі бұған тыйым салғандықтан, төрт қабырғада қамалып отырады екен.

Дубайда тұратын өзге бойжеткен, 27 жастағы шымкенттік Маржан да арабқа тұрмысқа шыққанына разы емес.

"Әмірлікте шетелдік азаматшалар тек екінші әйел бола алады. Шариғат бойынша бірінші әйелі араб болғаны дұрыс деп саналады. Күйеуім өте бай, бірінші әйелі де бар. Бастапқыда бақытты едім. Алайда бала туып бергеннен кейін күйеуім өзгеріп сала берді. Оның рұқсатынсыз ешқайда шыға алмаймын. Айтқанын ғана киіп, өзіме қожайын болудан қалдым. Тіпті не жеуді де сол шешеді. Ол үшін үй жануарына айналдым", - деп мұңын шақты ару.

Бойжеткен арабатар әйелдерін барлық құқықтан айырып, жұмыс істеуіне де тыйым салатынын алға тартты.

"Үйден шықпай, оны күтіп отыруым керек. Егер жұмысында қиындықтар туса, кінәлі адам менмін. Маған қол көтере бастағанында, мен оны камераға түсіріп алатын болдым. Полиция шақырғаннан кейін күйеуім сабырға келеді. Балаларымызды мүлдем ұнатпайды", - дейді Маржан.

Өзге 31 жастағы қостанайлық келіншек арабпен ажырасып тынғанын есіне алды.

"Мен ажырасып кеттім, бірақ әлі де Дубайда тұрамын. Талай рет соққыға жығып, өлтіремін деп қорқытқанынан кейін ажырасуға бел будым. Солай істемегенімде, қызыммен бірге тірі болмас едім. Оның маған қол жұмсайтынына дәлелдер келтіре алып, ажырасып кеттім", - дейді ол.

Келіншектің ұлы елде мемлекет есебінен тұрғын үйден бастап, тағамына дейін қамтамасыз етілген. Ал әйел араб балаларын тәрбиелеп отырғаны үшін жәрдемақы алады.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1213583-qazaqstandyq-arular-arabqa-kuyeuge-sh/

pixel