RU

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Британиялық спортшы, 10 метрлік мұнарадан суға секіруде бақ сынайтын Том Дэйли Рио Олимпиадасынан соң үйлену тойын өткізбекші.

Өзінің гей екенін жасырмайтын 22 жастағы спортшы осымен үшінші Олимпиадасына қатысқалы отыр.

Том Дэйли Лондон Олимпиадасындағы жекелей сында қола жүлде иеленген. Сонымен қатар, Ұлыбритания тарихындағы ең жас спортшы ретінде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысты.

Жанкүйерлер Томнан үлкен үміт күтсе де, ірі әлемдік жарыстарда оған үнемі бір нәрсе жетіспейтіндей көрінеді. Ал 2006 жылы әкесінің қатерлік ісікке ұшырауы спортшының өмірін одан әрі қиындатып жіберді.

Томның әкесі бірнеше рет ота жасатып, Лондон Олимпиадасының алдында көз жұмған.

Ұлыбританияның басты телеарнасынан көрсетілген "Вышка" атты мега жобада Том әншілер мен бұрынғы әртістердің бапкері қызметін атқарды. Осыдан соң, түр-сипаты келіскен атлетке бүкіл ел қызыға бастады.

Алайда, 2013 жылы Том Дэйли өзінің гей екенін ашық мойындады. Ол Youtube-тағы каналында өз жанкүйерлеріне гей екенін жеткізген. 2009 жылы үздік сценарий үшін "Оскар" жүлдесін алған Дастин Лэнс Блэйкпен Лос-Анджелестегі кештердің біріндке кезіккен ол бірден ғашық болып қалады.

"Мен қыздармен қатынаста болдым, алайда, Дастинді көргендегі сезімім тым ерекше. Маған бұрыннан жігіттер ұнайтын", - дейді гомосексуал спортшы.

Екі жігіт екі ай бойы хат жазысып, 2014 жылдың мамырында Дастин Лэнс өзінің сүйіктісі үшін Лондонға көшіп барды. 2015 жылы олар үйленетіндерін айтқан. Енді тойлары Рио Олимпиадасынан кейін өтеді деп болжануда.

Жалпы, Риодағы ойындарға 44 гомосексуалист қатысып жатыр.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Британдық спортшы Елдос Сметовтен жеңілген соң жерге жатып алып жылады (фото)

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Данияр Елеусінов: Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңемін

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213617-britaniyalyq-gey-rio-olimpiadasynan-s.html