RU

Әли Оқапов отандық әншілермен трио құрды

Әли Оқапов, Диас Абылаев және Ғалымжан Молданазар «Өзіңмен бол» әнін жазу үшін триоға бірікті. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жаңа трио қазірдің өзінде тыңдармандарының көңілінен шығып, олардың жанкүйерлері пайда болған.

Әли Оқаповтың электро-поп бағытына жаны жақын болса, Диас Абылаев deep-house саласын таңдаған. Ғалымжан Молданазар брит-поп стилінде ән айтады.

Үш стильде ән орындайтын әншілердің «басы бір қазанға қалай сыятынын» елестету қиын болғанымен, олардың жаңа әнінің үшеуіне ортақ тұсы бар. Ол – әннің қазақ тілінде болуы.

«Өзіңмен бол» әнінің сөзін Ғалымжан жазса, әнін үшеуі бірлесе жазған көрінеді. Композицияның ресми таныстырылымы Алматыда 17 қыркүйекте басталатын «Gakku Дауысы» фестивалінде өтпек.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213658-ush-tanymal-otandyq-anshi-trio-qurdy.html