RU

АҚШ-та күйеуін қайтармақ болған әйел сәбиін тұз жегізіп өлтірді

АҚШ-тың Каролина штатында 23 жастағы тұрғын 17 айлық нәрестесін бір қасық тұзды күштеп жегізіп өлтірді. Әйел күйеуін қайтару үшін осындай әрекетке барғанын алға тартқан.

31 шілде күні Кимберли Мартинес кішкентай Қызы Пейтонның жағдайы нашар екенін айтып, жедел жәрдемге өзі хабар берген деп жазады Mignews.com.

Белгілі болғандай, нәресте анасының тым көп тұз жұтқызғанынан гипернатриемия сырқатына шалдыққан.

Пейтон емханаға жатқызылып, бірнеше күн жасанды тыныстандыру аппартында жатады. Алайда нәрестені дәрігерлер аман алып қала алмады.

Нәрестенің анасы қамауға алынды. Оның қорғаушысы Кимберли Мартинестің айтуынша, әйел бұл әрекетімен күйеуін қайтарып алғысы келген. Енді қатыгез ана 20 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213732-aqsh-ta-ayel-kuyeuin-qaytaru-ushin-nares.html