RU

Алдағы үш күнде елімізде 41 градусқа дейінгі аптап ыстық күтілуде

Синоптиктер Қазақстанда 41 градусқа дейінгі аптақ ыстық болатындығын болжап отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер етеді. Бірақ, 11 тамыз күні елдің батыс пен солтүстік бөлігіндегі шалғай аудандарда жауын сіркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.

Сонымен қатар, республиканың басым бөлігінде әдеттегіден 3-7ºС жоғары ыстық ауа райы күтілуде.

Елдің батысы мен оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 33-38ºС, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта да 30-37 градусқа жетеді.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213740-aldaghy-ush-kunde-elimizde-41-gradusqa-dey.html