RU

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Рио Олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан ресейлік спортшылар жанкүйерлер тарапынан қысым көруде деп жазады rsport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Мәселен, 100 метрге брасс әдісімен жүзетін Юлия Ефимова бассейнге жақындағанда, жанкүйерлер спортшыны келеке етіп, ысқыра бастады. Ефимова бұдан бұрын да допинг қабылдағаны үшін спорттан шеттетілген болатын.

Одан бөлек, жүзуден ерлер арасындағы эстафетаға қатысқан Ресей құрамасын да жанкүйерлер ысқырып қарсы алды.

Мұның барлығы Ресей құрамасының допинг дауына жиі ұшырауына байланысты екені сөзсіз.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Британдық спортшы Елдос Сметовтен жеңілген соң жерге жатып алып жылады (фото)

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213752-rioda-zhankuyerler-reseylik-sportshyl.html