Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

Опубликовано:

Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында каратэні 2020 жылы Токио қаласында өтетін кезекті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, каратэні Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу жұмыстары 30 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1985 жылы Олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Бірақ бағдарламаға енгізілген жоқ. Содан бері осы спорт түрінің ұйымдары тыңғылықты жұмыс істеп, биыл сол мақсаттарына жетті.

Енді, миллиондаған каратэші «Олимпиада чемпионы боламын!» деген армандарын іске асырып көрмек. Қазақстанда каратэ федерациясы 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұрын аталған ұйым шығыс жекпе-жектерінің жалпықазақстандық қауымдастығы болған.

«Осы уақытқа дейін біздің спортшыларымыз ересектер арасындағы 12 әлем чемпионатында, сондай-ақ юниорлар арасындағы 8 әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Бұдан бөлек, қазақстандық каратэшілер Азия чемпионаты мен Азия ойындарында жоғары жетістіктер көрсетті. Жалпы, біз 6 рет Азия ойындарына қатысып, 5 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль олжалаған болатынбыз», - дейді Санауов.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1213817-karate-olimpiada-oyyndaryna-endi/

pixel