RU

Ақышев пен Сәрінжіпов Медеуде велосипедпен серуендеді

 "Назарбаев Қорының" президенті және Nazarbayev University қамқоршылар кеңесінің мүшесі Аслан Сәрінжіпов пен Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Медеуде велосипедпен серуендеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Сәрінжіпов әлеуметтік желіде хабарлады.

«Демалыста. Медеуге дейін велосипедпен жүріп өттік. Ақышев Данияр Талғатұлы велосипедті жақсы формада екен. Мен одан қалмауға тырыстым», - деп жазды ол Facebook-те.

Желі пайдаланушылары мемлекеттік қызметкерлердің спортқа деген құлшынысын бағалап, Ақышев пен Сәрінжіповті мақтады.

Атап өткен жөн, салауатты өмір салты мемлекеттік қызметкерлер арасында кең тарап келеді. Жуырда елдің премьер - министр Кәрім Мәсімов Астана - Бурабай трассасында велосипедпен жүрген болатын.

Айта кету керек, бүгінде Мәсімов әлеуметтік желілер арқылы салауатты өмір салтын кең насихаттап келеді.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213839-aqyshev-pen-sarinzhipov-medeude-velosi.html