RU

66 жастағы Павлодар тұрғыны автовокзалда "қазір жарылыс болады" деп айқай салды

Павлодар автовокзалында террористік акт туралы жалған хабар берген 66 жастағы тұрғын ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнеткердің айтуынша, сол күні ол Астанаға баруды жоспарлаған, кешкі 21:00-де жүретін автобусқа билеті болған. Автовокзалға ерте келген зейнеткер дәмханадан екі литр сыра ішіп, автобусты күтіп отырған. Ішімдіктің әсерінен сотқарлық жасағысы келген. Диспетчер бөлмесіне барып, «Бәрін шақыр, қазір жарылыс болады», деп айқай салып, өз орнына отырған.

Хабарламаны алған соң, вокзалға төтенше қызмет жіберіліп, 100-ге жуық адам көшірілген. Вокзал ғимаратын саперлер тексеріп шығып, жарылғыш зат тапқан жоқ.

66 жастағы «тәртіп бұзушы» ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын Қылмыстық кодекстің 273 бабында көрсетілген «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213843-66-zhastaghy-pavlodar-turghyny-avtovokzal.html