RU

Сұрағына қазақша жауап бермеген касса қызметкері тұрғынның ашуын келтірді

Әлеуметтік желіде тұрғынның сұрағына қазақша жауап бермеген касса қызметкерінің видеосы пайда болды.

Видеода ер адамның қазақ тілінде билет сұрап тұрғанын естуге болады. Алайда, "қазақ тілін білетіндей, қазақ емеспін" деген қызметкер оған мардымды жауап қайтармайды.

"Қалай ол сонда, айтыңызшы? Мен сізге билет беріңіз деп тұрмын ғой. Мен орысша білмеймін. Билет берсеңізші", - деп ренжіп тұрған азаматты қасындағы жігіт "білмейді қазақ тілін, болды ғой" деп сабырға шақыруда.

Видеоны көргендердің дені кассада отырған бойжеткен заңнамаға сәйкес, қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті екенін жарыса жазуда.

"Онда біз де орыстарға "мен орыс емеспін, орысша сөйлемеймін" деп айтайық", - деп ренжіді пікір қалдырушылардың бірі.

Бұл жайт қайда және қашан болғаны әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1213872-suraghyna-qazaqsha-zhauap-bermegen-kass.html