RU

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Ыстамбұлда билік пен Ерндоғанға қолдау білдірген миллионнан астам адам митингке шықты. Бұл туралы tvrain.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ұйымдастырушылар "Демократия мен азап шегушілер митингі" деп атаған акция Йеникапы аймағындағы алаңда өтуде. Митингті Әділдік пен даму партиясы және оппозициялық Республикалық халық партиясы мен Ұлт қозғалысы партиясы бастаған.

Демонстрация кезінде Түркия президенті Режеп Ердоған, бұрынғы президент Абдулла Гюль, Бас штаб басшысы Хулуси Акар, Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мен партия лидерлері сөз сөйледі.

Түркияның әскерилері 16 шілде күні билікті тайдыруға тырысқан. Елде әскери жағдай енгізіліп, коменданттық сағат бекітілді. Әскери әрекеттерге танкілер, авиация және өзге де техника тартылды.

Көп ұзамай билік жағдайды өз бақылауында ұстап отырғандарын мәлімдеді. Көтерілісті басқаннан кейін Ердоған елде жоғарғы жаза ретінде өлім жазасын қайтару мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.

Бүгінде көтерілістен кейін қамауға алынғандар саны - 26 мың адам.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214021-ystambulda-erdoghandy-qoldaghan-milli.html