RU

Сасық иістен арылмаған Астананың ауасын Әсет Исекешов тазартуға кірісті

Үш әкім ауысса да, сасық иістен арылмаған Астананың ауасын Әсет Исекешов тазартуға кірісті деп хабарлайды 31 арна.

Тіпті жақында әкімдіктегілер "қолаңса иістен біржола құтылдық" деп жар салды. Шынымен солай ма?

Астана құтын қашырған танымал Талдыкөлдің жағдайын баяндау үшін әдетте журналистерді Талдыкөлдің бір жағасына жинайтын еді. Тілшілер қамысты кесіп өтіп, көлдің келесі бетіне өтті. Камера иісті бере алса, Талдыкөлдің шын жайын түсінер едіңіздер.

Мұрын сезбесе де, көз көреді. Алайда әкімдік жақын жылдары мұндағы шыбын-шіркей мен шіріген қамыстың орнын аққұмды жағажай басады деп отыр. Ол үшін арнайы техника көлдегі кәріз суы жиналған лайды сорып жатқан көрінеді.

"Бұрын кәріз суы екі этапты тазалаудан ғана өтетін, яғни ірі қалдықтар ғана тазаланып лай су көлге төгілетін. Қазір төрт рет тазаланатын судың иісі де жоқ, мөлдір. Алдағы жылдары мұнда екі су қоймасы салынады", - дейді Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбіжанов.

Талдыкөлдің елу жыл бұрынғы кейпін қайтаруға тырысқан әкімдік тіпті қолаңса иістен құтылдық деген еді. Алты жыл Тасмағамбетов, екі жыл Жақсыбеков күрескен иісті Исекешовтің командасы бар-жоғы бір айда құртқандай болған. Ал борсыған суға жақын тұратын тұрғындар әлі де иіс оқтын-оқтын сезіліп қалады дейді.

Дегенмен, тұрғындар соңғы күндері Талдыкөл жақта техниканың қаптағанын айтады. Иіс те бұрынғыдан бәсеңдегендей. Сондықтан, ел Талдыкөлдің тазарғанына шын тілеулес болып отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214063-sasyq-iisten-arylmaghan-astananynh-aua.html