RU

Қазақстандағы 27 қазақ-түрік лицейі жаппай тексерілетін болды

Қазақстандағы 27 қазақ-түрік лицейін арнайы комиссия жаппай тексеретін болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл мектептерге қатысты мәселеге Нұрсұлтан Назарбаев та араласып, Түркияға барған сапарында арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Оның үстіне Режеп  Ердоған келіссөз үстінде түрік діндары, оппозиционер Фетхуллах Гүленмен байланысты делінген еліміздегі білім ошақтарының тізімін ұстатқан.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне тым асығыс шешім шығаруға болмайтынын сыпайы түрде түсіндіріп берді. Өйткені қазақ-түрлік лицейлері мемлекетке бағынышты. Сондықтан жабу туралы бір сөз айтпаған елбасы әуелі мәселені байыппен шешу керектігін жеткізді.

Бірақ Ердоғанның өтінішін жерге тастамай, мақтаулы лицейлерді Қазақстан мен Түркияның білім министрлігінен арнайы құрылатын комиссияға тексертуге рұқсат етті.

Қазір қос мемлекеттің мамандары жасақталып жатыр. Комиссия лицейлердегі оқу процесін, кітаптарын және шын мәнінде Гүлен ілімі таратыла ма, жоқ па, соны анықтамақ.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214118-qazaqstandaghy-27-qazaq-turik-liceyi-zhap.html