RU

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Тоғызыншы тамызда, сейсенбі күні, қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы спорттың төрт түрінен біздің спортшыларымызға жанкүйер бола алады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кариока Арена 2» кешенінде дзюдодан сайыстар өтеді. 19.21-де 73 келіге дейінгі салмақ санатында татамиде қазақстандық Мариан Ордабаева мен қытайлық Янь Цзюнься белдеседі.

28 жастағы Қазақстанның спорт шебері Мариан Әлем кубогының екі мәрте қола жүлдегері, Еуропа кубогының қола жүлдегері, Гран-придің үш мәрте қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері.

21 жастағы қазақстандық жүзгіш, 2014 жылғы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы Дмитрий Баландин жүзметрлік брасста сегізінші болып келді, сағат 23.05-те одан да үлкен қашықтық - 200 метрде бағын сынайды. Жарыстар су спорты түрлерінен Олимпиада стадионында өтеді.

Бразилиямен уақыт айырмашылығына сәйкес екінші олимпидалық күн өтіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Британиялық гей Рио Олимпиадасынан соң ғашығымен үйленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214154-rio-2016-toghyzynshy-tamyzdaghy-qazaqstan-s.html