RU

Қызылордада дәрігерлердің кінәсінен босанған әйел көз жұмды

Қызылорда облыстық медицина орталығында 26 жастағы келіншек көз жұмды. Жас ана босанғаннан кейін екі ай бойы ауыр халде жатқан деп хабарлайды BNews.kz.

«Тәшімова Сырдария аудандық ауруханасына 17 маусымда түскен. Сол күні әйелдерді акушер-гинеколог Жаңабергенова мен акушер Қантаева босандырған. Дәрігерлердің салғырттығынан көп ұзамай Тәшімованың денсаулығы нашарлап кеткен. Содан бері ол Қызылорда медицина орталығында ауыр халде жатты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, босанғаннан кейін әйелге алты ота жасалған. Прокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды.

Ал аудандық аурухананың бас дәрігері Садықоваға қатаң сөгіс жарияланды. Алайда ақхалаттылар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Сырдария ауданы ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу облыстық прокуратураның арнайы прокурорларына тапсырылды», - деді Қызылорда облысының прокуроры Халидолла Дәуешов.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214248-qyzylordada-darigerlerdinh-kinasinen.html