RU

Әлемде тұңғыш рет әйнек мешіт салынады (фото)

Австралияның Ньюпорте қаласында көп ұзамай әлемдегі ең таңғажайып мешіттің құрылысы қолға алынбақшы деп жазады islam.kz.

Оның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол әйнектен салынады. Іште намаз оқып жатқандар сырттағыларға көрініп тұратын болады. Бұл мешіттің есігі келесі жылы жамағатына айқара ашып қалуы мүмкін.

Аталмыш жоба сәулетшісі Гленн Мёркат неліктен мұндай өзгеше мешіт салуға аңсары ауғанын былай түсіндіріп берді: "Мен Таяу Шығыстың дәстүрлі үлгісін қайталағым келмеді. Оның үстіне, осы заманғы адамдар еркіндікті, ашықтықты қалайтынын ескердім".

Айта кетейік, бұл жобаға егде жастағы мұсылмандар екіұдай пікір білдіріп, құптай қойған жоқ, Алайда, жастар қызу қолдау білдірді. Бұл мешіт жергілікті мұсылман жамағатының қаражаты есебінен салынады. Мешіт аумағында, сондай-ақ, кітапхана мен мейрамхана болады.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214315-alemde-tunhghysh-ret-aynek-meshit-salynad.html