RU

Лондонда жүрдек пойыздың терезесінен басын шығарған жолаушы мерт болды

Лондондағы экспрессте болған жантүршігерлік оқиға тергелуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сегізінші тамыз күні жергілікті уақытпен кешкі 5 жарым шамасында, әуежайдан қала орталығына бет алған жүрдек пойыз терезесінен жолаушылардың бірі басын шығарған, оны көрші жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыз қаққан деп мәлімдеді Sky News.

Куәгерлердің айтуынша, күшті соққы жолаушының басын жұлып әкеткен. Төтенше жағдай орнына полиция келіп, станцияны қоршауға алған. Және апатты-құтқару қызметі мен жедел жәрдем келгенмен, зардап шегушінің өмірін құтқарып қала алмады. Тікұшақпен келген дәрігерлер жолаушыны өлді деп растады.

Марқұмның аты-жөні жарияланған жоқ. Куәгерлер оның шамамен 20 жастағы жас жігіт екенін айтуда.

Британдық көлік полициясының өкілі журналистерге оқиғаның күдікті деп қарастырылмайтынын айтты. Және аталған іс бойынша материалдардың айрықша соттың қарауына жіберілетінін хабарлады.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214334-londonda-zhurdek-poyyzdynh-terezesine.html