RU

Айдос Сарым да Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Ни сияқты тренерге мен, тіпті қылмыстық іс қозғар едім, тіпті пайғамбардың үмбеті болса да. Қаншама ақшаны желге шашып жатыр. Қаншама келімсекке көкбайрақты төлқұжат жасатты. Допинг дегені тағы бар. Допингсіз командасы шашылып қалды», – деп жазды саясаттанушы желі парақшасында.

Сарым өз спортшыларымызды өсірмесек, алысқа бармайтынымызды алға тартты.

"Әр нəрсенің сұрауы болады. Мысалы, Риодағы олимпиададан кейін тек легионерлерге үміт артқан спортпен қоштасу керек болады. Өз спортшыңды өсірмей, өзіндік мектеп ашпай, дəстүр қаламай ұшпаққа жетпейміз. Жаханданудың да шегі болады", - дейді ол.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214427-aydos-sarym-da-nidinh-ustinen-qylmysty.html