RU

Алматы облысы Борохудзир өзеніндегі көпір қирады

Сегізінші тамыз күні Алматы облысы Панфилов ауданындағы таулы аймаққа жауған жаңбырдан Борохудзир өзеніндегі су деңгейі көтерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

"Көктал Арасан ауылындағы өзен алқабында орналасқан шаруашылық қора-жайларды ішінара су алған. Әулиеағаш ауылы маңындағы өзен көпірі қираған, бірақ Жаркент қаласы арқылы айналып өтуге болады", - дейді ресми өкіл.

"Сегізінші тамыз күні кешке Борохудзир өзеніндегі су деңгейі төмендеді, су алу және шайып кету қаупі жоқ", - деп мәлімдеді Иманқұлов.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214462-almaty-oblysy-borokhudzir-ozenindegi.html