RU

Алматыда сегіз баласымен киіз үйді паналаған анаға ауылдастары үй салып беріп жатыр

Алматы облысында сегіз балалалы ана баспанасыз киіз үйде күнелтуде. Көпбалалы ананың жағдайынан хабардар болған тұрғындар оған жаңа үй салып беретін болды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бес жыл бұрын Айгүл Иманғалиева күйеуімен ажырасып, далада қалып қойған болатын. Дегенмен жақын арада ол жаңа баспанаға кіреді.

Құрылысты өзі бақылап жүрген көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Қоғалы ауылынан бес жыл бұрын Қапшағайға көшіп келген келіншектің не үйі, не жұмысы болмаған.

"Келгенімде Қапшағайда казиноға жұмысқа тұрамын деген үміт бар еді. Алайда үмітім ақталмай қалды, кері де қайта алмадым", - дейді ол.

Айгүл ақыры жұмыс тапқан. Ол мейрамханада ыдыс-аяқ жуады. Ал пәтер жалдамақ болғанында келіншек көпбалалы болғаны үшін қиындықтарға тап болған. Себебі, сегіз баласы барын білген пәтер берушілер бірден оларды кіргізуден бас тартып отырады екен.

"Бір рет үш балам ғана бар деп алдауыма тура келді. Алайда пәтер иесі сегіз баламды көріп қалғанда, балалар бақшасын ашып алдым деп ойлап қалған. Ақыры мен балаларыммен бірге далаға қуып жіберді", - деп есіне алды келіншек.

Бір жыл бұрын Айгүлге жер телімі бөлініпті. Алайда құрылыс бастауға шамасы жетпеген әйел киіз үй ғана орната алған. Осы күнге дейін киіз үйде күнелткен отбасыға бүгінде қайырымды кәсіпкерлер қол ұшын созды. Олар қыс басталмай тұрып үй тұрғызғу үшін жанталасып жатыр.

"Қолымыздан келсе, қыста олар өз үйінде тұратын болады. Бұл балалар суыққа қалмайды", - дейді Есжан Шаяхметов.

Жалғыз мәселе - үйге кірпіш жоқ екен. Алайда бұны да шешіп беретін демеушілер табылған.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214484-almatyda-segiz-balasymen-kiiz-uydi-pa.html