RU

«Барыс» хоккейшісі қытайлық команданы мұз айдынында қуып жүріп сабады (фото)

Құрлықтық хоккей лигасына енді қосылған "Куньлунь Ред Стар" командасы Астанада президент кубогі жолындағы жарыста «Барыс» командасына қарсы ойнаудан бас тартты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжіңнен келген хоккейшілер мен жергілікті «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелестен басталды. Салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді.

Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.

Осылайша, астаналықтар Дастин Бойд үшін есе қайтарғанға ұқсайды. Есте болса, 5 тамызда «Барыс» командасының шабуылшысы Дастин Бойд "Куньлунь Ред Стар" хоккейшілеріне қарсы болған ойында аяғын сындырып алған болатын.

Сол ойында дөрекілікпен ерекше көзге түскен қытайлықтар жеңіске де жеткен еді. Осының кесірінен «Барыстың» 41-ші нөмірлі ойыншысы 4 айға дейін жарыс жолынан шығып қалды.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214543-barys-khokkeyshisi-qytaylyq-komanda.html