RU

Назаров хоккейшілер арасындағы төбелес жайлы: Ондай-ондай хоккейде болып тұрады

Сегізінші тамыз күні президент кубогы жолындағы жарыста елордалық «Барыс» Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубымен кездесті. Кездесуде болған оқыс жайттарға қатысты «Барыс» клубының бас бапкері түсініктеме берді деп хабарлайды BNews.kz.

Матч басталмай жатып-ақ жаппай төбелес шығып, қытайлық команда ойыннан бас тартып, техникалық жеңіліс тапқан болатын. Осы жағдайға байланысты «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаров түсініктеме бере келе, хоккейде мұндай жағдайлардың болып тұратынын айтты.

«Матч өте эмоционалды болды. Жанкүйерлердің толыққанды үш кезеңді көре алмағаны, әрине, өкінішті. Бірақ, қарсылас команда алаңнан кетуге шешім қабылдады, бұлай жасауға олар құқылы. Бірақ, менің ойымша, әркім спорттық аренаға шоу, адреналин, эмоция үшін келсе, соны алды. Трибуналарда Дастин Бойдқа қолдау көрсеткен плакаттарды көрдік. Ол «Куньлунь Ред Старға» қарсы өткен ойында ауыр жараланған болатын. Қолдау көрсеткен фанаттарға алғыс айтқым келеді. Жігіттер де оларды байқап, сезімге берілген болуы керек. Мұндай жағдай болып тұрады. Бұл ерлердің қатаң спорт түрі», - дейді Андрей Назаров.

Еске сала кетейік, жаппай төбелес салдарынан «барыстық» Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков матч соңына дейін ойыннан шеттетілді. Дегенмен, ойын одан әрі жалғасқан жоқ. Кездесуден бас тартқаны үшін «Куньлунь Ред Стар» клубы 5:0 есебімен жеңілді.

Айта кетсек, 5 тамыз күні жолдастық кездесуде «Куньлунь Ред Стар» «Барысты» жеңген болатын. Үшінші кезеңде қытайлық команданың ойыншылары «Барыстың» 41-нөмірлі шабуылшысы Дастин Бойдқа қарсы дөрекі ойнады. Соның салдарынан Бойдты алаңнан зембілмен алып кетуге тура келген еді.

Тағы да оқыңыздар:

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Ыстамбұлда миллионнан астам адам митингке шықты (фото)

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Рио-2016: Тоғызыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214571-nazarov-khokkeyshiler-arasyndaghy-tobe.html