RU

«Мен тоқалмын» деп әндеткен бойжеткен жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желілерде пианинода «тоқалдар әнін» орындаған қыздың видеосы елдің сынына ұшырады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзін тоқал екенін айтып, тоқал болудың артықшылықтарын жайып салды.

Instagram желісіндегі takaya_life_kz парақшасына жарияланған бұл видеоны көрген жұрт ән орындаушысын сынның астына алды. Өзін тоқал ретінде таныстырған қыз ән мәтінінде жарының заңды әйелінің жасы келгенін және ажары кеткені жөнінде әндетіп сала берді. "Мен тоқалмын, менің жүрегім жоқ", «Мен тоқалмын, әйеліне қарағанда, үнемі керек адаммын», - дейді орындаушы.

Қыздың айтуынша, тоқал – бұл Қазақстанда қалыптасқан дәстүр.

Ән 5’nizza дуэтінің орындауындағы "Я солдат" композициясы сарынында жазылған.

Алайда бойжеткеннің орындауындағы ән де, қыздың өзі де желі қолданушыларының ашуына тиіп, олар жағымсыз пікірлерін бойжеткенге жаудырды.

«Қашанға дейін тоқал болып жүреді екенсің. Сен де қартаясың, әжім түседі, сонда шырылдауық шегірткенің кейпіне енесің», «Қырықтан кейін әндеткеніңді көреміз», «Сен оған қазір ғана керексің», - деп ашуланды әлеуметтік желі қолданушылары.

Ал кейбірі бұл видеоның жай әзіл, ал қыз орындаушы ғана екенін айтып, оларды сабасына түсуді шақырды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда сегіз баласымен киіз үйді паналаған анаға ауылдастары үй салып беріп жатыр

Белсенді Асқар Мырзахметовті ірі жер иеленушілерінің есімдерін әдейі жасырып отыр деп айыптады

Айдос Сарым да Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

ШҚО-да 100 мың гектарға жуық жердің қытаймен бірлескен компанияларға берілгені анықталды

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах туралы қызықты деректер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214728-men-toqalmyn-dep-andetken-boyzhetke.html