RU

Ердоған Ресейге жасаған сапарын тарихи оқиғаға балады

Түркия президенті Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинді досы екенін айтып, өңірлер арасындағы келіссөздер жаңа белестерге жетелейтінін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Ресейге жасаған сапарын Ердоған тарихи оқиғаға балап, Мәскеу мен Анкара бірлессе, алмайтын асуы жоқ екенін мәлімдеді.

Түркия басшысы «Россия 24» арнасына берген сұхбатында Сириядағы дағдарысты Ресейсіз шешу мүмкін емес екенін айтты. Сонымен бірге, Ердоғанның айтуынша, Еуропа Одағы 53 жыл бойы Түркияның басын қатырып келіпті.

Ресей мен Түркия арасы өткен жылдың 24 қарашасында Сирияда Су-24 ұшағы атып түсірілгеннен кейін суып кеткен болатын. Сол уақыттан бері ләм-мим деп ауыз ашпаған Ердоған араға 10 ай салып, Путин мен ресейліктер алдында басын иіп кеп отыр.

Түрік көшбасының Ресейге ат басын бұруының астарында қандай саясат жатқаны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда сегіз баласымен киіз үйді паналаған анаға ауылдастары үй салып беріп жатыр

Белсенді Асқар Мырзахметовті ірі жер иеленушілерінің есімдерін әдейі жасырып отыр деп айыптады

Айдос Сарым да Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

ШҚО-да 100 мың гектарға жуық жердің қытаймен бірлескен компанияларға берілгені анықталды

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах туралы қызықты деректер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214747-erdoghan-reseyge-zhasaghan-saparyn-tari.html