RU

Бес ресейлік жабылып, Астана тұрғынының қымбат көлігін ұрлап кетті

Бес ресейлік Астанада үй ауласынан қымбат көлікті ұрлап кетті деп күдіктелуде деп хабарлайды астаналық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

24 шілдеде Астана тұрғыны полицияға келіп, 23-нен 24-не қараған түні Түркістан көшесінің бойындағы үйінің ауласынан Range Rover Evoque маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған.

"Күдіктілер Павлодар қаласынан ұсталған. Олар — Ресей Федерациясының 30-47 аралығындағы бес азаматы. Оның үшеуі бұрындары Ресейде сотталып шыққан. Астана қалалық ІІД жедел қызметкерлері Range Rover Evoque автокөлігін Павлодар қаласындағы бір гараждан тапқан", — делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлімінің 4-тармағы бойынша тіркелген.

Күдіктілерге қатысты "Қамауға алу" бұлтартпау шаралары орындалды. Полицейлер осы азаматтардың басқа да Қазақстан Республикасының аумағында болған қылмыстарға қатысы бар жоғын тексеріп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда сегіз баласымен киіз үйді паналаған анаға ауылдастары үй салып беріп жатыр

Белсенді Асқар Мырзахметовті ірі жер иеленушілерінің есімдерін әдейі жасырып отыр деп айыптады

Айдос Сарым да Нидің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

ШҚО-да 100 мың гектарға жуық жердің қытаймен бірлескен компанияларға берілгені анықталды

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах туралы қызықты деректер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214762-bes-reseylik-zhabylyp-astana-turghynyn.html