RU

Допингпен Олимпиадаға қатысқан ресейлікті барлық спортшылар масқаралауда

Ресейлік жүзуші, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс иеленген Юлия Ефимованы ешбір спортшы құттықтаған жоқ.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ  хабарлайды.

Рио Олимпиадасының алдында екі рет допингпен ұсталған Ефимоваға Халықаралық Олимпиада комитеті жарысқа қатысуға рұқсат берді. Алайда, бұл спортшылар мен жанкүйерлердің наразылығын тудырған.

Өзіне көрсетілген қысымға қарамастан, Юлия брасс әдісімен жүзуде күміс иеленді.  Осыдан соң, барлық спортшылар ресейлік атлетті әжуалай бастады.

"Ефимованың допингпен ұсталса да, Олимпиадаға қатысқаны менің жүрегімді ауыртады. Ол екі рет допингпен ұсталса да, Олимпиадаға жіберілген. Бұл спорттың болашағына балта шабумен бірдей, мен қатты ашулымын", - дейді жүзуден 19 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс.

"Менің білуімше Ефимова 5 рет допингпен ұсталды. Сөйте тұра, Олимпиадаға қатысып, жүлде алып отыр. Халықаралық федерация Путиннің ығына жығылды", - дейді танымал жүзушілердің бірі Фиона Диол.

Ал осы қашықтықта Олимпиада чемпионы болған Лили Кинг мәреге жеткен соң, қолын жоғарыға көтеретін Ефимованың әрекетін сынға алды.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын және қола жүлде алған америкалықтар Лили Кинг пен Кэтрин Мэйли Ефимованы марапаттау рәсімінде құттықтаған жоқ. Ал трибунаға жиналған жанкүйерлердің барлығы ресейлік спортшы шыққанда ысқырып, оны масқаралаумен болды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар. 

Тағы да оқыңыздар:

Үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады (фото)

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Таиландтық әжей немересі Олимпиада жүлдесін алған сәтте көз жұмды

Риода жанкүйерлер ресейлік спортшыларға қысым көрсетіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1214770-dopingpen-olimpiadagha-qatysqan-rese.html